Зариф: Каспий теңізі ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан Иран үшін өте маңызды
Шіл 30, 2019 15:58 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Каспий теңізінің ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан ИИР үшін өте маңызды екенін айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау конвенциясына тоқталып: "ИИР көршілес елдермен жақсы қарым-қатынасты сақтауды қалайды, бірақ өз жері мен теңіз суларына қатысты ешкіммен саудаласып тұрмайды",-деді.
Зариф Иранның аумақтық тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігінің маңыздылығына тоқталып: "Қазіргі таңда ИИР халықаралық сахнадағы қысымдарға қарамастан, өз күш-қуатын сақтап тұр",-деді.
Тегтер