Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министріне санкция салу шарасын балалықпен істелген, күлкіні келтіретін жеңілтек әрекет деп атап: "Бұл шара – АҚШ басшыларының стратегиялық адасуының белгісі",-деп мәлімдеді.
Теһран жұма намазының құтпагері Мұхаммадджавад Хадж Әли Акбари осы аптадағы құтпаларда Иран Сыртқы істер министріне АҚШ тарапынан санкцияға ұшырау мақтаныш тудыратынын айтып: "АҚШ үкіметінің бұл тәсілі Вашингтон басшылары мен дипломатиялық аппаратының құлдырағанын көрсетеді",-деп еске салды.
Теһран жұма намазының құтпагері қарсыласу дискурсының нәтижеге жеткенін айтып: "АҚШ шарасы жалбарынған дипломатияның еш нәтиже бермейтінін көрсетті. Олар осы істерге қуанатын сыңайлы",-деді.