Зариф: Елім үшін санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын
Там 03, 2019 16:00 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні кешке Иран халқының ең жақсы нәрселерге лайықты екенін айтып: «Иран халқы және оның құқығын қорғау жолында АҚШ тарапынан санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын», деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «Иранның ержүрек халқын қорғады деген айыппен санкцияға ұшырау – мен үшін үлкен мақтаныш»,‑деді.
АҚШ Қаржы министрлігі осы ел үкіметінің санкцияларға тәуелділігін жалғастырып, бейсенбі күні таңертең (Теһран уақыты бойынша) ИИР Сыртқы істер министрінің аты‑жөнін санкция салынған тұлғалар тізіміне енгізді.
Тегтер