Зариф: Елім үшін санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын
https://itolqyn.com/news/iran-i42936-Зариф_Елім_үшін_санкцияға_ұшырағанымды_мақтан_тұтамын
ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні кешке Иран халқының ең жақсы нәрселерге лайықты екенін айтып: «Иран халқы және оның құқығын қорғау жолында АҚШ тарапынан санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын», деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 03, 2019 16:00 Asia/Almaty
  • Зариф: Елім үшін санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын

ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні кешке Иран халқының ең жақсы нәрселерге лайықты екенін айтып: «Иран халқы және оның құқығын қорғау жолында АҚШ тарапынан санкцияға ұшырағанымды мақтан тұтамын», деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «Иранның ержүрек халқын қорғады деген айыппен санкцияға ұшырау – мен үшін үлкен мақтаныш»,‑деді.

АҚШ Қаржы министрлігі осы ел үкіметінің санкцияларға тәуелділігін жалғастырып, бейсенбі күні таңертең (Теһран уақыты бойынша)  ИИР Сыртқы істер министрінің аты‑жөнін санкция салынған тұлғалар тізіміне енгізді.