Джахангири АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын нәтижесіз деп атады
ИИР Вице-Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының нәтижесіз болғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исхақ Джахангири бейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында Хорасан-е Разави облысының қарсыласу экономикасы штабы мен әкімшілік кеңесінің ортақ отырысында: "Мәселелерді шешетін жалғыз жол – қисын мен диалог. Еуропалықтар мен АҚШ-тың ИИР-ға күш көрсетіп, қысым жасауы нәтиже бермейді",-деді.
Джахангири: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына бір жылдан аса уақыт өтті. Олар экономикалық қиындықтар мен қысымдар Иранда бейбекереттік тудырады деп ойлады, бірақ Иранның экономикалық жағдайы өткен жылдан да жақсара түсті",-деп еске салды.