Тхэквондодан әлем чемпионатында Иранның жасөспірімдері екі алтын және екі қола жүлде алды
https://itolqyn.com/news/iran-i42999
Ирандық тхэквондошылар Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде екі алтын және екі қола жүлде алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 09, 2019 16:38 Asia/Almaty
  • Тхэквондодан әлем чемпионатында Иранның жасөспірімдері екі алтын және екі қола жүлде алды

Ирандық тхэквондошылар Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде екі алтын және екі қола жүлде алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні қыздар бөлімінде Захра Зарриннал 41 кг-ға дейінгілер арасында, Мобина Бахшинежад 47 кг-ға дейінгілер арасында алтын медаль алды.

Пуйян Джафарсалехи 37 кг-ға дейінгілер арасында, Амир Хосейн Матаджи 53 кг-ға дейінгілер арасында қола жүлдеге ие болды.

Тхэквондодан жасөспірімдер арасындағы 4-ші әлем чемпионаты сәрсенбі күні 64 елден келген 550 тхэквондошының қатысуымен Ташкенттің Әлемдік спорт сарайында басталып, төрт күнге созылады.