Иранда "Раад" сауытты көлігінің тұсаукесер рәсімі өтті
ИИР Қорғаныс министрінің қатысуымен минаға және торуылға қарсы "Раад" атты дамытылған сауытты көліктің тұсаукесер рәсімі өтіп, "Арас-2" тактикалық көліктері ИИР Қарулы күштеріне тапсырылды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал Амир Хатами сейсенбі күні "Раад" сауытты көлігінің болат оқтардың енуіне және танктерге қарсы миналардың жарылуына төтеп беретінін айтып: "Бұл көлік жол бойында бомбалар мен жарылғыш қақпандар болуы мүмкін сеніміз аймақтардан өту барысында қолбасшылар, азаматтық тұлғалар мен сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады",-деді.
ИИР Қорғаныс министрі, сондай-ақ, "Арас-2" тактикалық көлігінің қабілеттеріне тоқталып: "Бұл көлік қиын өткелдерден өту шапшаңдығы, ауыр салмақты әскери қару-жарақ орналастыру, мотор, әрекет радиусы, отын тұтынуы, жылдамдық және жүк тасу қабілеттері бойынша өзіне дейінгі түрмен салыстырғанда айтарлықтай дамытылған",-деді.




