Иранның оңтүстік- шығысында «Ұлық пайғамбар» жаттығуы басталды
Иранның оңтүстік- шығысындағы ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күшінің Құдс базасының қолбасшысы Систан мен Балучистан облысында «Ұлық пайғамбар» жаттығуының басталғанын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның оңтүстік- шығысындағы Сақшылар корпусы құрлық күшінің Құдс базасының қолбасшысы бригада генералы сардар Мұхаммад Марани: «Осы үш күндік жаттығуға 5 жанама база, Сақшылар корпусы құрлық күші мен әуе күшінің жауынгерлік бөлімшелері, артиллериялық, шекаралық бөлімше, қоғамдық тәртіп күштері және халықтық күштер қатысуда» деді.
Сардар Марани Иранның оңтүстік- шығысындағы «Ұлық пайғамбар» жаттығуының мақсатын даму мен елді көркейту үшін аймақтағы инфрақұрылымдарды нығайту, аймақ қауіпсіздігіне халықтың атсалысуы және қауіпсіздік жағынан жан- жақты дайындықты жоғарылату деп мәлімдеді.
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы сардар Мұхаммад Пакпур де жексенбі күні «Ұлық пайғамбар» жаттығуының өткізілетінін мәлімдеп, осы жаттығудың үндеуін Иран халқы үшін айбындылық пен сақтандыру, аймақ елдері үшін бейбітшілік пен тыныштық, аймақтық тұрақты қауіпсіздікті күшейту үшін жағдай жасау деп атап көрсеткен болатын.