Лариджани: Ұлыбритания Иранның айбыны алдында кері шегінді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Grace-1 ирандық танкерінің босатылғанына тоқталып: «Ұлыбритания Иранның айбыны алдында кері шегінуге мәжбүр болды», деді.
Гибралтар айлағының жоғары соты бейсенбі күні АҚШ‑тың Grace-1 танкерін тұтқындауды жалғастыру туралы ресми өтініші мен қысымдарына көңіл аудармай, оны босатуға үкім шығарды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында: «Британдықтар Иранның қазіргі жағдайының бұрынғыдай емес екенін түсінді, сондықтан теңіз қарақшылығынан бас тартуға мәжбүр болды»,‑деді.
Лариджани, сондай‑ақ, АҚШ басшыларының бір жағынан Иранға келіссөз жүргізуге ұсыныс жасайтынына, ал екінші жағынан ИИР Сыртқы істер министріне санкция салатынына тоқталып: «АҚШ халқы сағым қуған басшыларға тап болды. Олар бос қиялға беріліп, ақылға сыйымсыз қарама‑қайшылықтарға душар болып отыр»,‑деді.