Иран мен Сирия: Лаңкестікке қарсы соғыстан экономикалық ынтымақтастыққа дейін
(last modified Fri, 30 Aug 2019 13:14:23 GMT )
Там 30, 2019 19:14 Asia/Almaty
  •  Иран мен Сирия: Лаңкестікке қарсы соғыстан экономикалық ынтымақтастыққа дейін

Иранның Қала және жол құрылысы министрі Сирия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды қарастырып, оларды кеңейту жолдарды талқылау үшін Сирия астанасы Дамаскке сапар шекті.

Иранның Қала және жол құрылысы министрі Мұхаммад Ислами бейсенбіде Дамаскте Сирия Премьер-министрі Имад Хамиспен кездесіп, пікір алмасты. Екі жақ бұл кездесуде Иран мен Сирия арасында қол қойылған экономикалық келісімдерін іске асыру жолындағы кедергілер туралы сөйлесті. Иран мен Сирия стратегиялық ынтымақтастықтар негіздерінше екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге талпынуда. Иран мен Сирия сенімді екі серіктес ретінде ұзақ мерзімді мақсаттарын белгіледі. Олардың бірі - экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту. Осыған орай Сирияның Экономика және сыртқы сауда министрі Мұхаммад Самир әл-Халил Дамасктегі ортақ сауда тобының отырысында Сирияның Иран арасындағы ұзақ мерзімді сауда және экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетінін қуаттады. Осы кезде қайта құру мен экономикалық даму салаларында Сирия нарықта белсенді қатысу үшн жақсы әлеуетке ие. Сирияға  инвестиция салуға мүмкіндік беретін көптеген жобалар ирандық копаниялар үшін жақсы мұрсат. Иранның Қала және жол құрылысы министрі Мұхаммад Ислами Иранның Сириямен жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейткісі келетінін қуаттап: «Ирандық  компаниялар Сирияны қайта құруды өзінің басты жұмыстары деп біледі»,- деді. Сирия осы күні жолдар мен өндіріс және қызмет көрсету инфрақұрылымдарының қирауларымен бетпе-бет келуде. Сондықтан Сириядағы өмірді қалыпқа келтіру қайта құру тобының мақсаты. Сирияға дос мемлекеттер, әсіресе ИИР бұл елдің экономикалық дамуына көмектесе алады. Иран әртүрлі лаңкестік топтарға қарсы соғысында Сирия үкіметі мен армиясының қасында болғандай, осы кезде де Сирияны қайта құру үдерісінде бұл елдің халқы мен үкіметімен бірге болады. Иран Сириядағы жалдамалы лаңкестерге қарсы соғыста маңызды рөл атқарды және Сирия армиясы мен кеңесшілердің ынтымақтастығы лаңкестердің демеушілерінің қастықтарының алдын алды. Иранның экономикалық ынтымақтастығының маңызы Теһранның кеңесшілерінің ынтымақтастықтарынан аз емес. Керісінше Сириядағы қирауларға байланысты өте маңызды. Ирандық компаниялардың Сириядағы белсенділігі бұл елді қайта құру үшін өте маңызды. Сирия үкіметі бұл мәселені қолдайды.

Тегтер