Каспий теңізінде «Тұрақты қауіпсіздік» атты теңіз жаттығуы басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i43248-Каспий_теңізінде_Тұрақты_қауіпсіздік_атты_теңіз_жаттығуы_басталды
Бүгін, жексенбіде Каспий теңізінде «Тұрақты қауіпсіздік-98» атты теңіз жаттығуы Иран Теңіз күштерінің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында теңіз және әуе бөлімшелері, соның ішінде әскери кемелер, зымыран атқыш кемелер, ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-ақ, мергендер мен жаяу әскерлерінің қатысуымен басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 01, 2019 13:56 Asia/Almaty
  • Каспий теңізінде «Тұрақты қауіпсіздік» атты теңіз жаттығуы басталды

Бүгін, жексенбіде Каспий теңізінде «Тұрақты қауіпсіздік-98» атты теңіз жаттығуы Иран Теңіз күштерінің жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында теңіз және әуе бөлімшелері, соның ішінде әскери кемелер, зымыран атқыш кемелер, ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-ақ, мергендер мен жаяу әскерлерінің қатысуымен басталды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Тұрақты қауіпсіздік» атты теңіз жаттығуы Каспий теңізіндегі ИИР-ға тиесілі 20 пайыз аумақтың 25800 шаршы миль ауданында өтеді. Онда Иранның теңіз шекараларын қорғау және байланыс жолдарын сақтау мақсатында басқыншылық және қорғаныс сценарийлері пысықталатын болады.