Минабта ең үлкен мұхаррам жиыны өтті
Қыр 06, 2019 10:52 Asia/Almaty
377 жылдық тарихы бар «Пайғамбар әләмі (байрағы)» рәсімі – Иранның оңтүстігіндегі халықтың ең үлкен діни жиыны.
Бұл рәсім жыл сайын мұхаррам айының 5 жұлдызында Минаб ауданында өткізіледі. Мұхаррам айының 5 күні Хормозган, Керман, Фарс және Бушехр облыстары мен Бахрейн, Катар және БАӘ-нен жалпы 7 мың адам «Пайғамбар әләмі (байрағы)» рәсіміне қатысу үшін Хормозган облысындағы Минаб ауданына сапар шегеді. «Пайғамбар әләмі (байрағы)» рәсімі 2016 жылы Иранның ұлттық рухани мұра тізіміне енгізілді.