Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға бағытталған үшінші қадамының жүзеге асырылғанына тоқталып: «Иранның бұл шарасы – батыстықтардың ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындау туралы берген бос уәделеріне жауап»,-деді.
Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари Теһран жұма намазының құтпаларында еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауы қажеттігін айтып: «Еуропалықтар өз міндеттемелеріне берік болмаған жағдайда Иран өз міндеттемелерін азайтуды жалғастырады»,-деді.
Хадж Әли Акбари, сондай-ақ, АҚШ-тың құлдырап бара жатқанын айтып: «АҚШ-тың Батыс Азия аймағында, соның ішінде Сирия, Ирак, Йемен, Ливан мен Палестина елдерінде жеңіліске ұшырауы, ел қарызының 20 мың млрд долларға артуы, есірткі заттарына тәуелділіктің артуы, баспанасыздық, аштық, әлеуметтік топтар арасындағы алшақтық – осының барлығы бұл елдің құлдырап бара жатқанының дәлелдері»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: «АҚШ өзінің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік қуатын жоғалтты. Әлем енді АҚШ-тан кейінгі кезең жайлы ойлауда»,-деді.