Ғарибабади: Агенттік – АҚШ үкіметінің қарамағындағы орган емес
(last modified Mon, 09 Sep 2019 10:20:19 GMT )
Қыр 09, 2019 16:20 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Агенттік – АҚШ үкіметінің қарамағындағы орган емес

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) басшыларының жұмысын белгілейтіндей, бұл ұйымның АҚШ үкіметінің қарамағындағы орган емес екенін қуаттады.

Казем Ғарибабади дүйсенбіде Твиттердегі өз парақшасында АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Иранның жасырын ядролық жұмыстары труалы уәждеріне реакция білдіріп: «АҚХА Бас директорының міндетін уақытша атқарушының Иран сапарының Болтон армандайтындай ерекше жобалары болмады. Бұл кездесулерде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, Қосымша протокол мен кепілдік туралы келісімге байланысты ынтымақтастықтар туралы пікір алмасу өтті»,- деп жазды. Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Иранның жасырын ядролық жұмыстары жөніндегі әр уәжді теріске шығарып: «Иран мен Агенттіктің арасындағы белсенді әрі сындарлы ынтымақтастықты бұзу және бұл халықаралық ұйымға орынсыз қысым көрсету нәтижеге жетпейді»,- деп баса айтты.