Зариф: Нетаньяхудың ұраны - «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргізу»
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне жолдаған твитінде: «1986 жылдан бері Нетаньяхудың ұраны - «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргіземіз» болды»,- деп жазды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф қоғамдық желіде сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың сөздерінің бейнематериалын жарыққа шығарып: «Нетаньяхудың АҚШ-ты Ауғанстан батпағына түсіру құрал болғанын білмедің бе? Осы кезде өзің де бұл батпақтан шыға алмайтынынды білесін»,- деп жазды.
Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі өз парақшасында америкалық C-SPAN арнасының бейнематериалын жариялады. Бұл материалда сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху АҚШ-ты сионистік режим қалайтын нәрсе үшін күресуге шақырды.
Нетаньяхудың 1986 жылдан бергі ұраны «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргізу» болды.