Зариф: Нетаньяхудың ұраны - «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргізу»
(last modified Wed, 11 Sep 2019 08:20:53 GMT )
Қыр 11, 2019 14:20 Asia/Almaty
  • Зариф: Нетаньяхудың ұраны - «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргізу»

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне жолдаған твитінде: «1986 жылдан бері Нетаньяхудың ұраны - «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргіземіз» болды»,- деп жазды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф қоғамдық желіде  сионистік режимнің  премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың сөздерінің бейнематериалын жарыққа шығарып: «Нетаньяхудың АҚШ-ты  Ауғанстан батпағына түсіру құрал болғанын білмедің бе? Осы кезде өзің де бұл батпақтан шыға алмайтынынды білесін»,- деп жазды.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі өз парақшасында америкалық C-SPAN арнасының бейнематериалын жариялады. Бұл материалда сионистік режимнің  премьер-министрі Бениамин Нетаньяху АҚШ-ты сионистік режим қалайтын нәрсе үшін күресуге шақырды.

Нетаньяхудың 1986 жылдан бергі ұраны «Соғысты соңғы америкалық сарбазға дейін жүргізу» болды.