Мусави: Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұл халықаралық келісімнің негіздері бойынша азайтуын жалғастырады
(last modified Mon, 16 Sep 2019 12:08:33 GMT )
Қыр 16, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • Мусави: Иран

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұл халықаралық келісімдегі негіздер бойынша азайтуын жалғастыратынын хабарлады.

 

Сейед Аббас Мусави жергілікті және шетелдік журналистердің алдында Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабы тілшісінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саласындағы үшінші қадамын іске асыру әдісі және Еуропаның бұл халықаралық келісімдегі өз міндеттемелерін орындауы туралы сұрағына: "Иран мен бес мемлекеттің арасындағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққаннан кейін оның басқа  мүшелері АҚШ-тың орның толтыруға уәделескен, бірақ осы күнге дейін бұл уәделер іске асырылмады",- деп жауап берді. Мусави Еуропаның міндеттемелерінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына негізделгеніне тоқталып: "Осы кезге дейін кейбір мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындау үшін басқалардан рұқсат сұрайтыны – өкінішті жәйт",- деді. Мусави саудиялықтардың мұнай зауыдтарына ұшқышсыз ұшақтармен жасалған шабуылға байланысты Иранды айыптау мәселеге қатысты: "Йемен бес жыл бойы қантөгіспен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан бұл елдің халқы, армиясы және халық комитеттерінің шапқыншылардың қылмыстарына жауап қайтаруы – табиғи іс. ИИР Йемен халқы мен оның құқыларын қорғайды, бірақ Йемен халқы мен армиясының қорғаныс әрекеттерін Иранмен  байланыстыру мейілінше өтірікке айналып, шапқыншылар  сәтсіздіктерінің жалғасуының белгісі",- деп қосты.    

 

Тегтер