Иран Канаданың заңсыз әрекеттеріне ұқсас жауап қайтарады
https://itolqyn.com/news/iran-i43459
Иранның Жоғары соты: "Егер Канада Иран Ислам республикасының мүлкін заңсыз тәркілеу ниетінен бас тартпаса, Теһран ұқсас әрекеттенеді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 16, 2019 18:40 Asia/Almaty
  • Иран Канаданың заңсыз әрекеттеріне ұқсас жауап қайтарады

Иранның Жоғары соты: "Егер Канада Иран Ислам республикасының мүлкін заңсыз тәркілеу ниетінен бас тартпаса, Теһран ұқсас әрекеттенеді",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Ибрахим Раиси дүйсенбіде Канада үкіметінің Иранның мүлкін заңсыз тәркілеу әрекетіне тоқталып: "Канада үкіметінің әрекеті толық заңсыз және барлық халықаралық негіздерге қайшы",- деп қосты. Раиси Иранның ешбір мәселеге қатысты зорлық-зомбылықты қабылдамайтынын қуаттап: "ИИР халықаралық ұйымдар арқылы  Канада әрекетінің алдын алуға талпынады",- деді.

Канада үкіметі әлемнің түпкір-түпкіріндегі лаңкестіктің құрбандарын қолдау сылтауымен бұл елдегі Иран мүлкінің бір бөлімін тәркіледі. Канадалық көздердің мәліметінше, сатылған мүліктің бағасы 28 миллион доллардан артты.