Салехи: Иран бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын кеңейтуді жалғастырады
https://itolqyn.com/news/iran-i43461-Салехи_Иран_бейбіт_мақсатты_ядролық_бағдарламасын_кеңейтуді_жалғастырады
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Ислам республикасының ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: "Иран энергетика, медицина және ауылшаруашылық салаларындағы бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын кеңейтуді мақсат етуде",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 16, 2019 19:32 Asia/Almaty
  • Салехи: Иран бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын кеңейтуді жалғастырады

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Ислам республикасының ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: "Иран энергетика, медицина және ауылшаруашылық салаларындағы бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын кеңейтуді мақсат етуде",- деді.

Әлиакбар Салехи дүйсенбіде Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) 63-ші конференциясында ядролық қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастықтардың кеңеюін қуаттап: "Ядролық қауіпсіздік дамушы елдердің құқыларының алдын алу немесе оларға шектеу қоюдың сылтауы болмағаны жөн. Ядролық энергия бейбіт мақсатта қолданылуы қажет",- деп қосты.