Зариф: Йемен соғысын тоқтату – барша үшін мәселені шешетін жалғыз жол
https://itolqyn.com/news/iran-i43479-Зариф_Йемен_соғысын_тоқтату_барша_үшін_мәселені_шешетін_жалғыз_жол
ИИР Сыртқы істер министрі Твиеттердегі екі жолдауында Йеменнің соғысын жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 18, 2019 13:54 Asia/Almaty
  • Зариф: Йемен соғысын тоқтату – барша үшін мәселені шешетін жалғыз жол

ИИР Сыртқы істер министрі Твиеттердегі екі жолдауында Йеменнің соғысын жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттады.

 

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Мұхаммад Джавад Зариф бірінші твитінде Йеменге шабуыл жасаушылардың америкалықтардың қолдауымен жасалып отырған қылмыстарының артуына тоқталып: «Егер АҚШ төрт жыл бойы әскери соғыстардың құрбаны болып отырғандар жауап қайтармайды деп ойлайтын болса, шындықты теріске шығаруда. Мүмкін АҚШ жүздеген миллиард долларлық қаруларының йемендік армияға қарсы тұра алмағанына ұялған болар»,- деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ америкалық басшылардың Сауд Арабиясының мұнай зауыдтарына жасалған шабуылға Иранның қатысты болуы туралы сандырағына назар аудартып: «Иранды айыптау жағдайды өзгертпейді. Соғысты тоқтату – барша үшін мәселені шешетін жалғыз жол»,- деді. Мұхаммад Джавад Зариф келесі твитінде АҚШ-тың еш уақытта саудиялық коалицияның йемендік балаларды өлтіруіне алаңдамағанына тоқталып: «Америкалықтар жәбір көрген йемендіктер саудиялық коалицияның қылмыстарына жауап қайтарып,  Сауд Арабиясының мұнай зауыдтарын нысанаға алған кезде ғана алаңдаушылық білдірді»,- деп мәлімдеді.