Рухани: АҚШ келіссөздерге кедергі келтіріп отыр
ИИР Президенті Теһранның қисын мен дәлелдеріне байланысты келіссөздерден қорықпайтынын және қашпайтынын айтып, Американы келіссөздерге кедергі келтіріп отырған басты ел деп атады.
Хасан Рухани жұма күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысып, сөз сөйлегеннен кейін Теһранға оралып, тілшілерге берген сұхбатында Иранның санкция жағдайында және «барынша қысым» жасалған кеңістікте тіпті «5+1» қалыбында да келіссөз жүргізбейтінін баса айтты.
ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында әртүрлі елдердің басшыларымен ауқымды әрі әралуан кездесулер өткізгеніне тоқталып: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қысым жасап, санкция салғанын айыптамаған басшы жоқ. Олардың бірі қалмай АҚШ-тың ядролық келісімнен шығу шешімін қате іс деп атады",-деді.