"Арбағин" сыйлығының бесінші кезеңіне 19 елден 4000 еңбек қатысты
(last modified Tue, 01 Oct 2019 11:52:03 GMT )
Қаз 01, 2019 17:52 Asia/Almaty

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі әлемдік "Арбағин" сыйлығының бесінші кезеңіне 19 елден 4000 еңбек қатысқанын хабарлады.

 

Iran Press агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Абозар Ибрахими Торкман бүгін сейсенбі күні Теһранда әлемдік "Арбағин" сыйлығының бесінші кезеңінің жабылу рәсімінде сөз сөйлеп: «Бұл кезеңде 11 мемлекет жеңіске жетіп, сыйлыққа ие болды. Әлемдік Арбағин сыйлығы – Иранның Мәдениет және исламдық бағдар ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған бағдарлама. Оның мақсаты – Ашура мәдениетін таратып, имам Хосейнді (ғ.с.) қарсыласудың теңдессіз үлгісі ретінде көрсету»,- деді.

Хиджри қамари жыл санағы бойынша 1441 жылдың сафар айының жиырмасы, милади жыл санағы бойынша 2019 жылдың 19 қазаны – Кербалада шәһид болған имам Хосейн (ғ.с.) мен адал серіктерінің қырқы, яғни "Арбағин".