Генерал-майор Сүлейманиге террор жасауды көздеген иврит-араб жобасы жеңіліс тапты
(last modified Fri, 04 Oct 2019 12:31:11 GMT )
Қаз 04, 2019 18:31 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Сүлейманиге террор жасауды көздеген иврит-араб жобасы жеңіліс тапты

Ислам революциясының Сақшылар корпусы барлау ұйымының басшысы Хосейн Тайеб осы корпусқа қарасты «Құдс» күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ғасем Сүлейманиге қарсы террор жасауды көздеген иврит-араб тыңшылық қызметтері жобасының жеңіліс тапқанын хабарлады.

Sepah News ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хосейн Тайеб Теһранда Сақшылар корпусы қолбасшыларының жоғары кеңесінің 23-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Бұл жоба бойынша жалдамалы лаңкестік топ 2019 жылдың ақпан айында Иранға келіп, елдің оңтүстігіндегі Керман облысынан генерал-майор Сүлейманидің марқұм әкесіне тиесілі хосейниенің жанындағы бір жерді сатып алатын болған. Лаңкестер сол жерде орналасып, 350-500 кг жарылғыш зат дайындап, туннель қазып, жарылғыш заттарды хосейниенің астына орналастырып, генерал-майор Сүлеймани жыл сайынғы дәстүр бойынша қыркүйек айында Ашура-Тасуа кезінде осы хосейниеге келген кезде оны жарып жіберуді көздеген»,-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы барлау ұйымының басшысы лаңкестердің сұрқия жоспар арқылы Иранда мазхабтық соғыс тудыруды көздегенін айтып: «Лаңкестер көп шығынмен дайындықтан өтіп, Иран жерінде лаңкестік амалдар орындауға жіберілу мақсатында Ираннан көршілес елдерге барған кезде де Сақшылар корпусының бақылауында болды.

Сақшылар корпусы бас қолбасшысының бұйрығымен Ашура мен Тасуаның алдында нақты әрі қырағы барлау шараларының арқасында үш адамнан тұратын бұл топ құрықталып, иврит-араб тыңшылық қызметтерінің осындай сұрқия қылмыс жасауды көздеген бірнеше жылдық жоспары мен қастандығы залалсыздандырылып, жеңіліске ұшырады»,-деді.