Ирандық ғалымдар АҚШ-тың санкцияларына қарап отырмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i43715-Ирандық_ғалымдар_АҚШ_тың_санкцияларына_қарап_отырмайды
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Джахроми ирандық ғалымдардың АҚШ-тың санкцияларына қарап отырмайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 05, 2019 17:52 Asia/Almaty
  • Ирандық ғалымдар АҚШ-тың санкцияларына қарап отырмайды

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Джахроми ирандық ғалымдардың АҚШ-тың санкцияларына қарап отырмайтынын мәлімдеді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойыеша, Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джаһроми сенбі күні Теһранда өткен "Ай – жұлдыздарға бастайтын қақпа" деген ұранмен Дүниежүзілік ғарыш аптасының басталу рәсімінде: "АҚШ Иранның ғарышта бейбіт жұмыс жасап жатқан үш кешеніне бір түнде санкция салды",-деді.

Азари Джахроми АҚШ-тың Иранның ғарыш өнеркәсібінің дамуына қызғанышпен қарайтынын айтып: "Елдердің көбі Иранмен бейбіт ғарыш ғылымы саласында әріптестік жасайды. Басқа елдердің көмегімен ирандық ғарышкер ғарышқа міндетті түрде жіберіледі",-деді.

1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында бекітілген қарарға сәйкес әр жылдың қазан айының 4-10 күндері Дүниежүзілік ғарыш аптасы деп аталды.