40 мың шетелдік зияратшы Шаламче шекара бекетінен Кербалаға аттанды
ИИР СІМ-нің миграция және шетелдік азаматтар істер жөніндегі департаменті сенбі күні 30 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін әртүрлі елдің 40 мың зияратшысы Шаламче шекара бекеті арқылы Кербалаға аттанғанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиреза Гуруи Иранның оңтүстік-батысындағы Шаламче шекара бекетінде тілшілерге берген сұхбатында статистика бойынша Иран шекараларынан Әзірбайжан, Пәкістан мен Ауғанстан азаматтары көп өтетінін айтып: "Басқа елдердің зияратшылары да Шаламче шекара бекеті арқылы қасиетті жерлерге жол тартты",-деді.
30 қыркүйектен осы күнге дейін 600 мың ирандық және шетелдік зияратшы Шаламче шекара бекеті арқылы қасиетті жерлерге аттанды.
Осындай жағдайда жексенбі күні Кербалада Хусейни рәсімдері мен қызметшілері бөлімінің басшысы Риаз Нама әл-Салман биылғы «Арбағин» рәсімінде зияратшыларға қызмет ету үшін Ирактың әртүрлі жерлері мен әлемнің 21 елінен 10700-ден астам адамның Кербалада орналасқанын мәлімдеді.