Ислам революциясының жетекшісі аятолла Макарем Ширазидің халін сұрап барды
(last modified Mon, 14 Oct 2019 11:36:54 GMT )
Қаз 14, 2019 17:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Макарем Ширазидің халін сұрап барды

Ислам революциясының жетекшісі бүгін таңертең Теһран ауруханаларының біріне барып, аятолла Макарем Ширазидің халін сұрады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Макарем Ширазиді емдеу үдерісімен танысып, ол кісіні халық пен діни оқу орындары үшін үлкен нығмет деп атап, Алладан аятолланың толық сауығуын сұрайтынын айтты.

Аятолла Насер Макарем Ширази –шиіттердің үлкен ғұламаларының бірі. Ол кісі дәрігерлердің кеңесімен емделу үшін Теһран ауруханаларының біріне жатқызылды.