Иран халқының азық-түлігі мен дәрі-дәрмегіне санкция салу АҚШ үшін үлкен ұят
(last modified Tue, 15 Oct 2019 13:19:36 GMT )
Қаз 15, 2019 19:19 Asia/Almaty
  • Иран халқының азық-түлігі мен дәрі-дәрмегіне санкция салу АҚШ үшін үлкен ұят

ИИР Президенті Рухани "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы халықаралық келісімінен шығудың АҚШ үшін ұят екеніне тоқталып, Иран халқының азық-түлігі мен дәрі-дәрмегіне санкция салуды АҚШ үкіметі үшін одан бетер үлкен ұят деп атады.


Хасан Рухани бүгін, сейсенбі күні Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының Шығыс Жерорта аймағының Денсаулық министрлерінің 66-шы Теһрандағы отырысында АҚШ-тың адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатқанын, бұл әрекетті  экономикалық лаңкестік деп атап: "Ирандық ғалымдар, зерттеушілер мен кәсіпкерлер және өндірушілер бұрын-соңды болмаған экономикалық қысымдар мен әділетсіз санкцияларға қарамастан өз-өзін толық қамтамасыз етуге талпыныс жасап жатыр",- деді.

Рухани 83 миллион ирандықтың АҚШ-тың қылмыстарын ұмытпайтынын қуаттап: "АҚШ бұл майданда сәтсіздікке ұшырайды. Дүниеде Иранның саясаты, ахлағы мен адамгершілігі жеңіске жетті, АҚШ жеңілді",- деді. ИИР Президенті соғыс пен лаңкестіктің қоғамның саулығына зардап келтіретін маңызды факторлар екеніне тоқталып: "Йемен, Сирия, Ирак және Ауғанстанға қарсы әскери шабулдар бұл аймақтың халықтарын көптеген қиындықтарға, денсаулықтарын қатерге тіреді» деді.