Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағинынан» «қалып қалғандардың» Теһрандағы шеруі
Теһрандағы имам Хусейн (ғ.с.) атындағы алаңнан Теһранның оңтүстігіндегі Рей қаласындағы хазірет Абдулазиздың кесенесіне дейін имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағинынан» «қалып қалғандардың» шеруі деп аталған имамның жақтастары мен ғашықтарының шеруі басталды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағинынан» «қалып қалғандардың» шеруі бүгін, сенбі күні таңертең Теһрандағы имам Хусейн (ғ.с.) атындағы алаңнан басталып, хазірет Абдулазиздың кесенесіне дейін жалғасады.
Теһран әкімінің орынбасары Моджтаба Язди бұл жолда 450 күш пен 205 көліктің халыққа қызмет ететінін хабарлады.