Иран Сирияның аумақ тұтастығын қорғау жолындағы талпыныстарды қолдайды
(last modified Wed, 23 Oct 2019 10:15:53 GMT )
Қаз 23, 2019 16:15 Asia/Almaty
  • Иран Сирияның аумақ тұтастығын қорғау жолындағы талпыныстарды қолдайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сейед Аббас Моусави Ресей мен Түркияның Сирияның солтүстігіндегі оқиғалар туралы келісімге қол қойғанына тоқталып, Иранның Сирияның аумақ тұстастығын қорғау және ұлттық егемендігін нығайтуға жеткізетін барлық шараны құптайтынын қуаттады.

 

Сейед Аббас Моусави бүгін сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде Иранның Ресей мен Түркияның Сирияның солтүстігіндегі қақтығыстарды тоқтату үшін жасаған келісімін аймаққа тұрақтылық пен тыныштықты қайтаратын оң әрекет санайтынын мәлімдеді.

Моусави Теһранның әрдайым алауыздықтар мен келіспеушіліктерді бейбіт тәсілдер мен келіссөз арқылы шешуді қолдайтынын айтып: "Иран "Адана" келісімін Түркия мен Сирияның алаңдаушылықтарын шешу үшін тиімді негіз санайды. Осы жолда Анкара мен Дамаск арасында сұхбаттасу мен келісім орнату үшін ықпалдастық жасаудан аянып қалмайды", - деді.

 

Тегтер