Жетекші көзқарасы: қауіпсіздікті қорғау қажет
(last modified Thu, 31 Oct 2019 13:21:18 GMT )
Қаз 31, 2019 19:21 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: қауіпсіздікті қорғау қажет

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше Әуе қорғанысы университетінде өткен ИИР Армиясының офицерлік университеттері студенттерінің оқу бітіру және серт беру ортақ рәсімінде сөйлеген сөзінде қауіпсіздікті сақтауды ислам республикасы қарулы күштерінің қасиетті міндеті деп атап, дұшпан алдында неғұрлым мықты қорғаныс пен тежегіш дайындыққа ие болу қажеттігін қуаттады.

Бүкіл күштердің Бас қолбасшысы әрбір қоғам үшін қауіпсіздік тақырыбының маңызын баса айтып, бір елге ең үлкен соққы беруді қауіпсіздіктен айыру деп атады.
Хазірет дұшпандардың аймақтың кейбір елдерін қауіпсіздіктен айыру жобаларына сілтеме жасап: «Ирак пен Ливанның жанашырлары олардың негізгі басымдылықтарының қауіпті жағдайды жою екенін білсін. Бұл елдердің халықтары да талаптарының тек заңды құрылымдар аясында қамтамасыз етілетінін түсінсін. Қауіпті кекшілдіктің факторлары анықталды. Бұл оқиғалардың тасасында Америка мен батыстың барлау ұйымдары аймақтың кейбір кертартпа елдерінің қаржылай қолдауымен тұр», - деді.

Америка соңғы жылдары аймақта бүлдіргі шаралары, әскери араласушылықтары және әл-Қаида мен ДАИШ топтарын қалыптастырып, Ауғанстан мен Ирак және Сирияның қирауына себеп болып, аймақ елдерінің мұнайы мен байлығын ұрлауы арқылы қауіп-қатерді арттырды.

Америка сонымен қатар Йеменнің жапа шеккен халқына қарсы соғыста Арабстанды қолдауы және Израиль режимінің қылмыстары мен басқыншылығын айыптаған резолюцияларға вето қолдануымен соғыстар мен қауіп-қатерге және мыңдаған бейкүнә адамның өліміне себеп болды. Бұл шындық қауіпсіздіктің әрбір ел үшін ең маңызды басымдылық екенін көрсетеді. Сондықтан қастандықтарға толығымен әзір әрі қырағы болу керек.   

ИИР тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін стратегиялық деңгейдегі әлеует пен тежегіш күшке ие. Иран араласушы елдердің дағдарыс тудырып, гибридтік соғыс және лаңкестік арқылы қауіпсіздікті қатерге тіреуіне бір сәтке де рұқсат бермейді. Иран қарулы күштерінің шынайы айбыны ішкі әлеуеттеріне сүйеніп, дұшпаннан қорықпауда.

Ислам революциясының жетекшісі осы аяда үстемшіл мемлекеттер армиясының ИИР армиясынан айырмашылығын атап: «Үстемшіл елдер армияларының негізгі міндеті басқыншылық жасап, басқа елдерге соққы беру. ИИР қарулы күштерінің пәлсапасы мен қисыны елді мықты айбынмен қорғауда. Бірақ басқыншылыққа ешқашан орын жоқ», - деді.

Шындық үстемшіл мемлекеттердің ешқашан қауіпсіздікті көздемейтіндігінде. Қай жерге аяқ баспасын оның салдары қауіпсіздік, соғыс, лаңкестік болды.

АҚШ қауіпсіздікпен қамтамасыз ету деген сылтаумен аймақтың мүддесін қару-жарақ сату арқылы бұзды. Бұл Азияның батыс аймағында тұрақсыздық тудырып жатқан ең үлкен ел. Қазір де аймақ елдерінің қауіпсіздігін жоюды көздеген дұшпанның бүлік тудырушы ағымына куә болып отырмыз.

Хазірет аятолла Хаменеи осы саладағы ұқсас қастандықтарға тоқталып: «Дұшпандардың Иранға да қатысты мұндай ойлары болған. Бірақ халық қырағы түрде алаңға шығып, қарулы күштер де әзір болып, оны залалсыздандырды», - деді.