Зариф: Ирандықтар ешқашан зорлыққа көнбейді
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкцияларына тоқталып: «АҚШ тіпті барлық ирандыққа, ерлерге, әйелдер мен балаларға санкция салса да, ирандықтар ешқашан зорлыққа көнбейді»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран халқына қарсы экономикалық терроризмді күшейту аясында бейсенбі күні Иранның құрылыс және ядролық шикізаттар саласына санкция салды.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter‑дегі жеке парақшасында: «АҚШ‑тың Иранның құрылыс саласындағы белсенділерге экономикалық терроризм жасауы тек Вашингтонның барынша қысым жасау саясатының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді.
АҚШ өзін одан ары кіріптар етпес үшін жеңіліс тапқан саясаттарынан бас тартып, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қайтып оралуы керек»,‑деді.