Лариджани: АҚШ есерсоқтықпен аймақтың тыныштығын бұзуды көздеп отыр
(last modified Sun, 03 Nov 2019 13:16:42 GMT )
Қар 03, 2019 19:16 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ есерсоқтықпен аймақтың тыныштығын бұзуды көздеп отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ өзінің сұрқия мақсаттарына жету үшін есерсоқтықпен аймақтың тыныштығын бұзуды көздеп отыр",-деді.

 

Әли Лариджани жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирияның мұнайы туралы сөздеріне тоқталып: "Трамп Сирия жері мен мұнайының осы ел үкіметі мен халқына тиесілі екенін түсінбей отыр. АҚШ-тың Сирия жеріне баса-көктеп кіріп, мұнай кеніштерін басып алып, оны талан-таражға салуға құқығы жоқ.

АҚШ Президентінің сөзі бұл режимнің халыққа қарсы шынайы бейнесін ашып, олардың антигуманистік әрі отаршыл болмысын  әлем халықтарына айқын көрсетті",-деді.

Лариджани, сондай-ақ, 13 абан – "Әлемдік үстемшілдікпен күрес" ұлттық күніне тоқталып: "Бұл күн – Ислам революциясының зұлымдық және үстемшілдікпен күресінің болмыстық символы. Ол Иран халқының ел тәуелсіздігі туралы ойының тереңдігін көрсетеді",-деді.

Дүйсенбі, х.ш.ж.с.б. 1398 жылдың 13 абаны (2019 жылдың 4 қарашасы) – ИИР-да "Әлемдік үстемшілдікпен күрес" ұлттық күні.