Мусави: АҚШ – зұлымдықтың көшбасшысы
(last modified Fri, 08 Nov 2019 12:50:42 GMT )
Қар 08, 2019 18:50 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ – зұлымдықтың көшбасшысы

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-ты зұлымдықтың көшбасшысы әрі әлемдегі лаңкестіктің құрушысы және демеушісі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сейед Аббас Мусави бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагустың Иранға қарсы сөзіне реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «Мұндай сөздерді зұлымдықтың көшбасшысы, әлемдегі лаңкестіктің құрушысы әрі демеушісі болып отырған режимнен есту таңырқататын жайт емес пе?»- деп жазды.

Морган Ортагус бейсенбі күні Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту саласындағы төртінші қадамына реакция білдіріп, халықаралық қауымдастықтан ИИР-на қарсы қысымды арттыруды сұрады.