Ислам революция жетекшісінің Италия Премьер-министрін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 13 Apr 2016 08:39:15 GMT )
Сәу 13, 2016 14:39 Asia/Almaty
  • Ислам революция жетекшісінің Италия Премьер-министрін  қабылдауында сөйлеген сөзі

Иран Ислам революцияның жетекшісі ИИР-ның Италиямен әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарды, әсіресе экономикалық ынтымақтастықтарды арттыруды қолдайтынын мәлімдеді.

Ислам революцияның жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Италия Премьер-министрі Маттео Ренцимен кездесуінде Иран мен Италияның жақсы қарым-қатынастарына тоқталып: «Иран Италия үкіметімен ынтымақтастық жасауға қатысты оң әрі ерекше ұстанымға ие» деді.

Ислам революцияның жетекшісі Иранға қарсы санкциялар салынған кездегі Италияның іс-әрекеттерін Батыстың кейбір елдерінен қисындырақ болғанын тілге тиек етіп: «Кейбір еуропалық үкіметтер мен компаниялар Иранға сапар шегіп, келіссөздер жүргізуде, бірақ осы кезге дейін келіссөздердің нәтижелері сезілген жоқ» деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақпен көмек көрсетуін лаңкестік мәселесін шешуге кедергі келтіретін әрекет деп атап: «АҚШ-тың ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтарға көмек көрсететіндігі туралы нақты құжаттар бар. Бүгінде ДАИШ-ке қарсы коалиция құрған жағдайда АҚШ-тың кейбір органдары ДАИШ-ке басқа жолмен көмек көрсетуде. Батыс саясаткерлерінің билігіндегі әлемнің үлкен үгіт-насихат құралдары лаңкестердің әрекеттерін сылтауратып, Исламнан үркіту саясатын жүргізуде. Саяси перденің тысындағы қастықтар мәдени күрестің жұмысын қиындатады»,- деп баса айтты.

Италия Премьер-министрі Маттео Ренци де елінің Иранмен жасаған келісімдерін жүзеге асыру жігеріне тоқталып: «Ядролық келісімнің нәтижесінде Иранға қарсы санкциялардың күші жойылуы керек»,- деді.