Рухани: Мұсылмандарды құтқарудың жолы – Ислам пайғамбарының жолын ұстану
ИИР Президенті АҚШ, сионистік режим мен аймақтағы бағынышты елдердің басқыншылығы және олардың іріткі салуға талпыныстары алдында мұсылмандарды құтқарудың жолын Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) жолын ұстану деп атады.
Хасан Рухани жұма күні Иранның жауапты тұлғалары, "Ислам бірлігі" конференциясының қонақтары, ислам елдері елшілері және әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен кездесуінде: "Біртұтас әрі бауырлас Ислам әлемі бірге әрекет ету арқылы кез келген зұлымдықтар мен басқыншылықтарды жеңе алады",-деп үміт білдірді.
Рухани ИИР-ның аймақтағы ықпалына тоқталып: "Иранның аймаққа ықпалы әскери және ғылыми күш-құдірет пен географиялық және стратегиялық жағдайына байланысты емес, бұл ықпал Ислам революциясының шақыруына байланысты. Ол жүректерге өте жақсы әсер ете білді",-деді.
Иран Президенті ирандық күштердің Ирак пен Сирияда әскери кеңесші ретінде орналасқанын және лаңкестікпен күресте аймақ ұлттарымен бірге әрекет етіп, жан бергенін айтып: "Ирак, Сирия, Ливан мен басқа елдердегі ирандық күштер адамдарды азат етуді критерий етіп алды. Олар үшін мұсылман, христиан, еврей, түрік, араб пен күрдтің бәрі бірдей",-деді.