Иран үкіметінің ақпарат өкілі: Помпеодан бүлікшілерді қолдаудан басқа ештеңе күтілмейді
https://itolqyn.com/news/iran-i44328-Иран_үкіметінің_ақпарат_өкілі_Помпеодан_бүлікшілерді_қолдаудан_басқа_ештеңе_күтілмейді
Иран үкіметінің ақпарат өкілі АҚШ-тың Иранда қоғамдық мүлікті қиратып, өртеген бүлікшілерді қолдауына реакциясында: "АҚШ Мемлекеттік хатшысынан бүлікшілерді қолдаудан басқа ештеңе күтілмейді", -деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 18, 2019 20:43 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің ақпарат өкілі: Помпеодан бүлікшілерді қолдаудан басқа ештеңе күтілмейді

Иран үкіметінің ақпарат өкілі АҚШ-тың Иранда қоғамдық мүлікті қиратып, өртеген бүлікшілерді қолдауына реакциясында: "АҚШ Мемлекеттік хатшысынан бүлікшілерді қолдаудан басқа ештеңе күтілмейді", -деді.

Әли Рабии дүйсенбі күні баспасөз отырысында: "Иран халқына қарсы ең ауыр санкциялар салған АҚШ басшылары ұялмастан бүлікшілерді қолдады",-деді.

Рабии америкалық басшылардың сайлауда өз халқына өтірік айтып, оларды алдағанына тоқталып: "АҚШ-тың әлемнің әртүрлі аймақтарындағы елдердің ішкі ісіне араласуы сол елдің артта қалуына себеп болды",-деді.

Иран үкіметінің ақпарат өкілі Иран халқының америкалықтардың қастандықтарынан хабардар екенін айтып: "Иран халқы дұшпандардың қастандықтарына қырағылықпен қарсы тұрып, оларды залалсыздандырады",-деп еске салды.