Иран ұшқышсыз ұшақ технологиясы саласында өз-өзін қамтамасыз ететін дәрежеге жетті
https://itolqyn.com/news/iran-i44399
Иран армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы ИИР-ның ұшқышсыз ұшақ технологиясы саласында өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 24, 2019 18:40 Asia/Almaty
  • Иран ұшқышсыз ұшақ технологиясы саласында өз-өзін қамтамасыз ететін дәрежеге жетті

Иран армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы ИИР-ның ұшқышсыз ұшақ технологиясы саласында өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін хабарлады.

 

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Иран армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киумарс Хейдари: "Иран Қарулы күштері ұшқышсыз ұшақтарды жабдықтап, дамытып жатыр. Бұл салада өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетті",-деді.

Генерал Хейдари бұл жобалардың Иран армиясы Құрлық күштерінде терең өзгеріс жасағанын хабарлап: "Иран армиясы Құрлық күштерінің барлық бөлімдері сын-қатерлер мен қоқан-лоққыларды назарға алып, іштей өзгертілді",-деді.