Иран Норвегияға Құран кітабының өртелуіне байланысты наразылық білдірді
(last modified Wed, 27 Nov 2019 09:53:13 GMT )
Қар 27, 2019 15:53 Asia/Almaty
  • Иран Норвегияға Құран кітабының өртелуіне байланысты наразылық білдірді

Норвегияда SIAN экстремистік топ басшысы Құран кітабын өртеген соң Теһрандағы осы ел елшісінің орнындағы сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік Еуропа істері жөніндегі департаменті Теһрандағы Норвегия елшілігінің сенімді өкілін шақыртып, SIAN экстремистік тобы басшысының әрекетіне наразылық білдіріп, мұндай әрекеттің экстремизмнің таралуына әкелетін салдарлары туралы ескерту жасады. Иран Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік Еуропа істері жөніндегі департаменті сондай-ақ әлемдегі мұсылмандардың сезімдерінің жараланғанына тоқталып: «Сөз бостандығын сылтауратып, әлемдегі бір жарым миллиардтан астам мұсылмандардың сенімдері мен қасиеттіліктеріне тіл тигізуге болмайды»,- деп қуаттады. Теһрандағы Норвегия елшілігінің қызметкері ИИР-ның наразылығын өз үкіметіне жеткізетінін қуаттап: «Норвегия үкіметі өзін бұл елде өмір сүретін мұсылмандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экстремистік және қайшылық тудыратын әрекеттердің алдын алуға міндетті санайды»,- деді.