Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды.
Иран Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли бүгін жексенбі күні елде сайлау штабтары мен әкімдіктерде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы сайлауына үміткерлерді тіркеу басталғанын жариялады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауына үміткерлер жетінші желтоқсанға дейін Иранның әртүрлі аймақтарындағы сайлау штабтарына немесе әкімдіктеріне барып, есімдерін тіркей алады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауы 2020 жылдың ақпан айында елдің 208 сайлау учаскесінде Мәжілістің 209 депутатын сайлау үшін өтеді. Мәжіліс сайлауымен тұспа-тұс бес сайлау учаскесінде, атап айтқанда Теһран, Фарс, Солтүстік Хоросан, Хоросане Разави және Құмда Эсперттер кеңесінің бесінші орта кезеңдік бірінші сайлауы өтеді.