Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды
(last modified Sun, 01 Dec 2019 09:22:57 GMT )
Жел 01, 2019 15:22 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауына үміткерлерді тіркеу басталды.

 

Иран Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли бүгін жексенбі күні елде сайлау штабтары мен әкімдіктерде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің  11-ші шақырылымы сайлауына үміткерлерді тіркеу басталғанын жариялады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауына үміткерлер жетінші желтоқсанға дейін Иранның әртүрлі аймақтарындағы сайлау штабтарына немесе әкімдіктеріне барып, есімдерін тіркей алады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-шақырылымы сайлауы  2020 жылдың ақпан айында елдің 208 сайлау учаскесінде Мәжілістің 209 депутатын сайлау үшін өтеді. Мәжіліс сайлауымен тұспа-тұс бес сайлау учаскесінде, атап айтқанда Теһран, Фарс, Солтүстік Хоросан, Хоросане Разави және Құмда Эсперттер кеңесінің бесінші орта кезеңдік бірінші сайлауы өтеді.