Иранда "Еуразия" конференциясы өтті
(last modified Sun, 01 Dec 2019 13:57:40 GMT )
Жел 01, 2019 19:57 Asia/Almaty
  • Иранда

Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасындағы экономикалық және сауда қарым-қатынастарын дамыту саласындағы мұрсаттармен таныстыруды көздеген «Еуразия» тақырыбындағы конференция Иранның Сауданы дамыту ұйымында өтті.

Еуразия сауда меморандумы мен Еуразия нарығының әлеуеттері және бизнесмендердің құқықтарымен таныстыру бұл конференцияның бағдарламаларының қатарын құрады.

Шамси күнтізбесі бойынша биылғы 1398 жылдың алғашқы 7 айында Иранның Еуразияға мүше елдерге экспорты 52 пайызға артып, 490 млн долларға, импорты 3 пайызға төмендеп, 792 млн доллардан 768 млн долларға жетті. Иранның Еуразияның бүкіл саудасындағы үлес мөлшері 3 пайыз, Иранның бүкіләлемдік саудасындағы Еуразияның мөлшері 2 пайызды құрайды. Иран мен Еуразия еркін сауда уақытша меморандумына қол қойғаннан бері екі жақ сауда деңгейін арттыруға талпынуда.