Лариджани: АҚШ басшылары "мейлінше қысым көрсету" саясатын тоқтауы керек
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "Иранға қарсы АҚШ-тың "мейлінше қысым көрсету" саясаты – қате жол. Сондықтан бұл елдің басшылары оны тоқтауы керек",- деді.
Әли Лариджани жексенбі күні жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген баспасөз отырысында Американың CBS NEWS теларнасы тілшісінің "Иран мен АҚШ арасындағы тығырықтан іс жүзінде қалай шығуға болады?" деген сұрағына: "Кейбір мемлекеттер Иран мен АҚШ келіссөздерін ұйымдастыруға талпыныс жасап жатыр. Теһран да келіссөздер есігінің алдын жапқан жоқ. Бірақ америкалықтар Ислам республикасымен қарсыласудың дұрыс емес екенін түсінуі керек",- деп жауап берді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Еуропа Парламентінің ИИР сынауы жөнінде: "Еуропалықтардың кейбір салалардағы әрекеттері әділетсіз. Сондай-ақ олардың Иранды еуропалықтармен бірдей санайтын дәлелдері жоқ. Иран Мәжілісінің өкілдері мен Еуропа Парламенті арасында келіссөз жүргізуге жол ашық",- деді.