Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауының он бірінші кезеңіне үміткерлерді тіркеу басталды
(last modified Mon, 02 Dec 2019 15:56:09 GMT )
Жел 02, 2019 21:56 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауының он бірінші кезеңіне үміткерлерді тіркеу басталды

Жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он бірінші кезеңіне үміткерлерді тіркеу басталып, 7 желтоқсанға дейін жалғасын табады.


 

Үміткерлер өздерінің депутат болуға үміткерлігін жариялау мақсатында аталған мерзім ішінде сайлау заңында белгіленген құжаттармен бірге тіркеу формасын толтыра алады.

2020 жылдың ақпан айында Иранның түкпір-түкпіріндегі 208 сайлау учаскесінде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіне 290 депутат таңдау үшін сайлаудың он бірінші кезеңі және Теһран, Фарс, Солтүстік Хорасан, Хорасан-е Разави және Құм облыстарындағы 5 сайлау ауданында Эксперттер кеңесіне сайлаудың бесінші кезеңінің алғашқы кезеңаралық сайлауы өтеді.

Ирандағы сайлау атқару және бақылау деген екі бөлімнен тұрады. Осы салада Иранның Ішкі істер министрлігі Конституция, сайлау өткізу туралы заңдар мен нұсқаулықтар аясында әрбір учаскеде сайлау кезеңдерін өткізу, дауыс беру және санауды бақылау, сайлаудың дұрыс өтуін растау барысын белгілеп берді.

Осы негізде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы заңда қоғамдық және жеке жағдайлар назарға алынды.

Иранның Ішкі істер министрлігі сайлауды өткізетін орган ретінде бұл салада өте маңызды жауапкершілікке ие. Сол себепті Иранның Ішкі істер министрлігі сайлауды бастауға бұйрық бергеннен кейін әрбір сайлау ауданындағы орталықтарда атқарушы комитеттер құрылып, заң аясында сайлаудың дұрыс өтуіне жағдай жасалады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні фикһ сабағы басталар алдында сайлауға қатысты: "Әрбір қызмет пен қабілеттің жанында бір жауапкершілік пен бір міндеттеме бар. Бұл міндеттемені атқара аласыз ба, жоқ па, соны байқау керек. Бұл бір үлкен дәріс",-деді.  

Мәжіліс сайлауы туралы заңға өзгеріс енгізілген. Ол бойынша кейбір кемшіліктер жойылып, жоғары деңгейде ғылыми мамандандырылған және басқару қабілеттеріне ие үміткерлер ғана сайлауға түсе алады.  

ИИР жүйесі мақтаныштарының бірі – сайлау өткізу. Бұл Ислам революциясы жеңісінен бірнеше ай өткеннен кейін ИИР жүйесін анықтау үшін референдум өткізумен басталды. Бұдан кейін де әртүрлі талғамдар мен ағымдарға сай көптеген сайлау өтті.   

Иран халқы елдің саяси тағдырын анықтаудағы ең маңызды фактор саналатын барлық сайлауға хабардар әрі саяси қырағылықпен қатысып, осы салаға әрдайым жауапкершілікпен қарап келеді.

Халық әрбір сайлауға ауқымды түрде қатысады.  Әрбір азамат ұжымдық шешімге жету үшін ирандық азаамат ретіндегі дауыс беру құқығына қатты мән береді.

Бұл үдерістің жалғасы көрсеткендей, ИИР жүйесі тікелей дауыс беру негізінде құрылды. Жүйенің атқарушы органдары мен басқа да тетіктері, соның ішінде Парламенттің заңдылығы халықтың сайлауы мен дауысына негізделген.