Рухани: Теһран мен Баку қарым-қатынастарын тереңдету саласында сындарлы қадамдар жасады
ИИР Президенті Рухани Иран мен Әзірбайжанның өткен жылдары екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету саласында сындарлы қадамдар жасағанын қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжан Вице-премьер-министрі әрі Экономика және өндіріс министрі Шахин Мустафаевпен кездесуінде: «Ортақ жобалар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту екіжақты қарым-қатынастардың дамуын өзгертеді. Иран Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі мұнайды барлау және өндіру жұмыстары бойынша ортақ жобаларды шынайы қарастыруда»,- деді.
Шахин Мустафаев Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевтің жолдауын Иран Президентіне тапсырған соң: «2014 жылдан бері Иран-Әзірбайжан сауда айналымы үш есе және Әзірбайжанда жұмыс жасап жатқан ирандық компаниялар саны өткен бір жылда 50 пайызға артты»,- деді.