Теһран – Иранмен көршілес елдердің саяси-экономика саласындағы дипломатия орталығы
Иран астанасы Теһран осы аптада оңтүстік пен солтүстіктегі көршілес елдердің министрлерін қабылдап, аймақтық бір форум мен отырыс өткізді.
Көршілес елдермен серіктестік – ИИР сыртқы саясатындағы басымдылық. Осы аяда екіжақты серіктестіктерді арттыру жолдарын қарастыруға Иран басшылары мен көршілес елдер баса назар аударып отыр.
Көршілес елдердің экономикалық орасан мүмкіндіктері мен географиялық жақындық, мәдени, тіл, діни ортақтастықтар Иран мен көршілес елдерді ынтымақтастықтарды арттыру жолына түсірді.
Иранның солтүстігі мен оңтүстігі және шығысы мен батысындағы базардың алуандығы ел саудагерлері мен өндіріс компаниялары үшін үздіксіз кеңесу өткізіп, көршілес елдердің қажеттіліктерін ескеріп, сапалы өнім шығарып, мақсат еткен елдерде белсенді құзырға ие болумен қатар олардың қажеттіліктерін шешу үшін де жақсы мұрсат саналады.
Осы аяда өткен жексенбі күні Теһранда «Иран мен Еуразия» форумы өтті. Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше болып енуі Иран бизнесмендері мен өндіріс компаниялары үшін мақсат еткен нарықтарда құзырға ие болу үшін жаңа мүмкіндік қалыптастырды.
«Иран мен Еуразия» форумын Теһранда өткізудегі мақсат – ирандық саудагерлер мен өндіріс және экспорттық компанияларды Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге таныстыру. Иран мен аталмыш одақ серіктестік жасау арқылы солтүстік дәлізді оңтүстікке қосады.
Сонымен қатар бүгін бейсенбі күні Теһранда Иранның Қуат министрінің қатысуымен Қалалық су басқармасы аймақтық орталық кеңесінің оныншы отырысы он алты елдің қатысуымен өтіп жатыр.
Бұл отырыс су саясатында шешім қабылдау, реттеу, сел мен құрғақшылықты басқару, су сапасы мен су тапшылығы саласында тәжірибе алмасу тұрғысынан халықаралық маңызды оқиғалардың бірі саналады.
Қалалық су басқармасының аймақтық орталық кеңесінің оныншы отырысының Иранның ұлттық мүдделері аясында Теһранда өткізілуі су саясаты, шекаралық өзендер, ортақ су көзі мен су саласында техникалық-инженерлік қызметтерді танстыру үшін өте маңызды.
Басқаша айтқанда, аймақтық отырыс ирандық компаниялардың көршілес елдерден нарық табу, техникалық-инженерлік қызметтерін шығаруы үшін жақсы мүмкіндік.
Оман СІМ Иусеф Бен Алави мен Әзірбайжанның Экономика министрі Шаһин Мустафаевтың, Тәжікстанның Энергетика министрі Осман Али Османзаденің, Қырғызстанның Экономика министрі Санжар Маханбетов пен Тасымал және жол министрі Жанат Бейшеновтың шараға қатысуы осы аптада Иран астанасы Теһранды көршілес елдермен дипломатиялық орталыққа айналдырды. Теһранда өткен кең ауқымды кеңесулердің жолдауы көршілес және аймақ елдерінің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында аймақтық бейбітшілік пен тыныштықтың маңызын қуаттау болды.