Иран СІМ ақпарат хатшысы АҚШ Конгресінің Қытайға қатысты шараларын айыптады
ИИР СІМ ақпарат хатшысы: "АҚШ геноцид және ішкі ағымдарды қырып-жоюда сорақы тарихқа ие болғандықтан ұлыстар, нәсілдер мен мұсылмандар туралы пікір білдіруге ешқандай хақысы жоқ",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Аббас Мусави: "АҚШ үндістерді қырып-жою, қара нәсілділерді құлдыққа алу, ішкі ағымдарды қырып-жою, сондай-ақ, Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливия, Палестина мен Йеменде мұсылмандарды өлтіру, соғыс қылмыскерлерін кешіру сияқты сорақы тарихқа ие болғандықтан ұлыстар, нәсілдер мен мұсылмандар туралы пікір білдіруге ешқандай хақысы жоқ",-деді.
Мусави АҚШ Конгресінің Қытайға қатысты шараларын айыптаумен қатар, әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін осындай қатынастардың күн сайын артып бара жатқаны туралы әлемдік қауымдастыққа ескерту жасап, тәуелсіз елдерді АҚШ үкіметінің шектен шыққан біржақтылығы мен заңбұзушылықтарына қарсы реакция білдіруге шақырды.