Иран СІМ Батыстың сионистік режимнің ядролық арсеналына қатысты үнсіздігін сынады
(last modified Sat, 07 Dec 2019 08:46:06 GMT )
Жел 07, 2019 14:46 Asia/Almaty
  • 
Иран СІМ Батыстың сионистік режимнің ядролық арсеналына қатысты үнсіздігін сынады

ИИР СІМ сионистік режимнің ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау қабілетіне ие зымыранды сынақтан өткізгенін тілге тиек етіп, Америка мен еуропалық елдердің Израильдің Азияның батысындағы ядролық арсеналдарына қатысты үнсіздігін сынады.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Мохаммад Джавад Зариф кеше жұма күні түнде Twitter желісіндегі жеке парақшасында сионистік режимнің нысанасы Иран болатын бір зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлап: «Еуропалық үш ел (Германия, Англия мен Франция) мен Америка зымырандармен жабдықталған, ядролық оқтұмсықтықтарды тасу үшін жасалған Азияның батысындағы жалғыз ядролық арсенал туралы ешқашан шағым айтпайды. Алайда Иранның қарапайым, қорғаныстық қаруларына ашуланады», - деп жазды.   
Сионистік режимнің БАҚ кеше осы елдің қауіпсіздік органдары бейсенбі күні түнде ядролық оқтұмсық таси алатын алыс қашықтықтағы бір зымыранды сынақтан өткізгенін хабарлады.  

Сенімді барлау ұйымдары Израиль режимі шамамен 80-400 ядролық оқтұмсыққа ие деп санайды.