Үндістанның тауар тиеген алғашқы кемесі Бушерді айлақтады
(last modified Thu, 12 Dec 2019 11:30:00 GMT )
Жел 12, 2019 17:30 Asia/Almaty
  • Үндістанның тауар тиеген алғашқы кемесі Бушерді айлақтады

Бушер облысы Айлақтар және кеме қозғалысы ұйымының бас директоры Сияваш Арджмандзаде негізгі тауарларды тиеген үндістандық алғашқы кеменің Бушерді айлақтағанын хабарлады.

Сияваш Арджмандзаде сәрсенбі күні Mehr News агенттігінің тілшісіне берген сұхбатта: «Бес жылдан кейін Бушер айлағына он мың тонна күріш тиеген кеме Үндістаннан енді. Жоспар бойынша хижри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылдың соңына дейін негізгі тауарларды тиеген тағы төрт кеме жүкті түсіру үшін Бушер айлағына келеді.
 

Бушер айлағын лайдан тазарту жұмыстарынан кейін каналдың тереңдік жағдайы қолжетімділік үшін жақсарды. Жалпы алғанда қазір осы айлақта отыз мың тонна жүгі бар кемелер айлақтайтын мүмкіндік әзірленді», - деді.