Сенім мен ізгі ниет – Парсы шығанағы аймағында қауіпсіздік орнатудың шарты
(last modified Thu, 12 Dec 2019 12:35:36 GMT )
Жел 12, 2019 18:35 Asia/Almaty
  • Сенім мен ізгі ниет – Парсы шығанағы аймағында қауіпсіздік орнатудың шарты

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Риядта өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларының қырқыншы отырысының қорытынды мәлімдемесін айыптап: «Аймақтағы ақылсыз саясаттардың қолдаушылары қоғамдық пікірге жауап беруі керек», - деді.

Сейед Аббас Мусави сәрсенбі күні: «Аймақтағы қазіргі ақылсыз саясаттардың жалғасуын қолдайтын санаулы ел қоғамдық пікірге Ирак пен Сирияда лаңкестік топтарды құрып, оларды күшейтіп, Парсы шығанағына бөгделерді енгізуден басқа кикілжіңді азайту мақсатында не істегені үшін жауап беруі керек», - деді.
1981 жылы құрылған Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі бүгін болмыс пен біртұтастық дағдарысымен бетпе бет келуімен қатар осы кеңестің кейбір мүшелері Азияның батысы мен Парсы шығанағы аймағының бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің мүддесіне қайшы ұстаным білдіріп отыр.

Арабстанның Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіндегі дәстүрлі ықпалы мен басқаларды саудиялық саясатқа ертуге  табандылық танытуы бұл кеңесті терең саяси дағдарысқа душар етті.

Мұнымен қатар Сауд Арабиясы мен Бахрейн және БАӘ-нің аймақтық ұстанымы – Парсы шығанағы аймағындағы келесі түйткіл.

Сауд режимі мен Бахрейн және БАӘ-нің Американың  Азияның батысы мен Парсы шығанағындағы жауластық, сындарсыз саясаттарына еруі аймақты дағдарысқа тіреді.  

Риядта өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі басшыларының қырқыншы отырысының қорытынды мәлімдемесі Иранға қарсы саудиялық қатынастың белгісі. ИИР аймақ қауіпсіздігі үшін әртүрлі жоба ұсынды. Оның жуырдағы мысалы – Парсы шығанағы аймағындағы тату көршілестік, бейбіт қатар өмір сүру ниетін көздеген Ормұз бұғазының бейбітшілік жобасы.

Американың Иран халқына қарсы дұшпандық қатынасы аймақтың қоғамдық пікірі үшін Сауд режимі неліктен Иранның ізгі көршілестік саясатына қарамастан Америкамен жақтасты деген сауал тудырды.

Азияның батысы мен Парсы шығанағына бөгделердің орналасуы мен солардың дұшпандық саясаттарына жақтасу аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне көмектеспейді.

Американың әртүрлі үкіметтері өздерінің мүдделерін көздейді. Ақ Үйдегі қазіргі Үкіметі де Сауд басшыларына диломатияға жат, саяси әдептен тыс лексикамен сөйлейді. Бұл мәселе америкалықтардың жауапсыз қылықтарының шыңына жеткенін көрсетеді. Мұндай жағдайда саудиялықтардың қырағылығы қажет.  

«Басқыншылық жасауға тыйым салатын келісімге» қол қою ұсынысы мен «Аймақтық диалог» ассамблеясын құру, тіпті Ормұз бұғазының бейбітшілігі Иранның аймақ серіктестігін жүзеге асыру жолында жасап жатқан талпыныстары. Оның тамыры Иранның аймақтағы жауапты қатынасынан басталады.     

Аймақ бейбітшілігі мен аймақта қауіпсіздік орнатып, кейбір саяси өкпені ұмыту тек аймақтық сұхбаттың арқасында ғана жүзеге асады. Иран бұл негізден хабардар болып, өзінің достық қолын Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдерге қарай созды.

Иран ұсынған жобаларға сенім арту Парсы шығанағының оңтүстігі жағалауындағы барлық елдердің мүддесіне. Бәрінен маңыздысы Рияд отырысының қорытынды мәлімдемесінде қуатталған осы кеңеске мүше елдердің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтары аймақтық ұжымдық ынтымақтастықтың арқасында жойылады.