Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 20 Dec 2019 13:55:20 GMT )
Жел 20, 2019 19:55 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері ислам елдеріндегі өзгерістерге тоқталып, мұсылмандардың дұшпандардың қастандықтары алдында қырағы болуы қажеттігін қуаттады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Имами Кашани үстемшілдердің әрдайым мұсылмандарға соққы беруді көздейтінін айтып: "АҚШ пен сионистік режим ДАИШ лаңкестік тобын құрып, сол арқылы өз мүдделеріне қол жеткізуді мақсат тұтты. Иракта көптеген қылмыскерлер мен сатқындар дұшпандардың көмегімен халықтың талаптарын пайдаланып жатыр. Осы елдің халқы бұл салада аса қырағы болуы керек",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Нигерия үкіметінің осы елдегі ислам қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзакиге қатынасын сынап, ислам әлемінің шейх Закзакиді азат етуге талпыныс жасауы қажеттігін айтты.